12:04, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Көлік министрлігі Үкіметтен авиа тасымалдауды субсидиялау үшін қосымша 400 млн. теңге қаржы бөлуді сұрап отыр
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Көлік және коммуникация министрлігі еліміздегі авиа тасымалдауды субсидиялау үшін Үкіметтен қосымша 400 млн. теңге қаражы бөлуді сұрап отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Авиапаркті одан әрі жаңартуды ынталандыру және ұшудың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін Сізден авиа тасымалдауды субсидиялау үшін 400 млн. теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыруды қолдауды сұраймыз», деді бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде министр Әбілғазы Құсайынов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде.
Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылы авиа тасымалдауды субсидиялауға 8 әуе бағыты бойынша 881 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың наурыз айында қазіргі таңда субсидияланған әуе рейстерінің 40 пайызын жүзеге асыратын, алайда ИКАО-ның стандарты бойынша жабдықталмаған, кеңес дәуірінде шығарылған ұшақтар пайдаланудан шығарылады. Олар заманауи ұшақтармен алмастырылатын болады.