Көлік полицейлері Алматыда лототерминалдан ақша ұрлаған азаматты ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы-1 стансасындағы көлік полицейлері жедел-іздестіру шарасы барысында, «Лото» терминалдан ақша ұрлаған 33 жастағы азаматты анықтап, ұстады.

Көлік полицейлері Алматыда лототерминалдан ақша ұрлаған азаматты ұстады

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ағымдағы жылдың 2 қарашасы күні Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасына фирмалардың бірінің өкілі, 54 жастағы азаматша арызданып келді. Оның айтуынша, 1 қараша күні түнде белгісіз біреулер Алматы-1 теміржол вокзалында орналасқан «Лото» терминалынан 87 мың теңгені ұрлап кеткен.

Күдікті қылмысын толықтай мойындады. Ол ұрлаған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгергендігі туралы түсініктеме берді.

Осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК 175-бабы 2-бөлігінің «в» тармағы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.