Көлік полицейлері Петропавл қаласының тұрғынынан шамамен 200 грамм гашиш тауып, тәркіледі
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Көлік полицейлері Петропавл қаласының тұрғынынан шамамен 200 грамм гашиш тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Көліктегі Орталық ІІД баспасөз қызметі.
Таратып айтар болсақ, Петропавл стансысының теміржол вокзалында желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынын ұстады, жеке тінту кезінде одан полицейлер шамамен 200 грамм гашиш есірткісін тапты.
Сонымен қатар, осы жерден көп ұзамай 25 жастағы қала тұрғыны да қолға түсіп, одан полицейлер шамамен бір грамдай героин есірткісін тапты. Аталмыш фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.