Көлік ұрлағандар «Алматы-Өскемен» жолында ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының ІІД-не Іле ауданының тұрғыны «Фольксваген» көлігін ұрлатып алғанын хабарлады. Полицейлер көлікті іздеу жұмысына бар күшін салды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Көп ұзамай ұрының «Алматы-Өскемен» күре жолында кетіп бара жатқаны анықталды.

«Жол полицейлері көлікті Қапшағай қаласының маңында тоқтатты. Ішінде отырған үш ер адам ұсталып, Іле АІІБ-не жеткізілді», - деп нақтылады полицияда.

Қазіргі кезде көлік құралын заңсыз иелену фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар