Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесті

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат. 2009 жылғы 23 қыркүйектен бастап «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіру және насихаттау мақсатында  Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов  бастаған республикалық ақпараттық насихат тобы  (РАНТ) Алматы облысы бойынша өз жұмысын бастады.

Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесті

Көлік ведомствосының басшысы Еңбекшіқазақ ауданында болып, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқановтың қатысуымен аудан орталығы Есік қаласында аудан активімен кездесу өткізді. Топтың өзге мүшелері Ескелді, Қаратал, Көксу, Ақсу және Текелі аудандарында болды.

Әбілғазы Құсайынов Президент Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, Елбасының Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші шақырылымының 3 сессиясының ашылуында Үкімет алдына  бірнеше нақты мәселе   қойғанын атап өтті. Оның ішінде әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарларын жеңу, жұмыспен қамтуды арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, тауарлардың қазақстандық қамтуын ұлғайту, жұмыс және қызмет көрсету мазмұнын көтеру, сонымен қатар ел тұрғындарының алдындағы қабылдаған барлық әлеуметтік міндеттемелерді ешбір алғышартсыз сақтау жөнінде баяндады.

Бұдан бұрын, Жол картасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік бюджеттен 191,3 млрд. теңге бөлу қарастырылған, жөндеу жұмыстарына 254 мың жұмыс орнын құру жоспарланған және жастар практикасы бағдарламасын кеңейту  есебінен және нысаналы тұрғындар тобы үшін  әлеуметтік жұмыс орындарын құру көзделген.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен әкімдіктер арасында өндірістік процесстерді тұрақтандыру және 974 мың қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілділіктерін қамтамасыз ету  мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық  туралы 7 900 Меморандумға қол қойылды.

Жол қартасының инвестициялық жобаларын жүзеге асыру барысында 106 млрд. теңге игерілген. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жергілікті атқарушы органдар 8 088 кәсіпорындар және ұйымдармен келісімшарттар жасап, оларға 56 522 адам орналастырылды.

Көлік саласының алдына қойылған міндеттерге сәйкес Жол картасы аясында «Жол  жөндеу жұмыстары» бағытындағы жергілікті, сонымен қатар, жалпы ұзақтығы 2 826 км құрайтын қалалық және елді мекен автожолдарын салу, қайта салу және жөндеу жұмыстарына 52 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 2 368,7 км жол жөнделген ол жоспардың 84 %. Бұл жұмыстарға 54 098 адам тартылған, оның ішінде 36 235 адам жұмыспен қамту органның жолдамасымен орналастырылған.

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» мега - жобасының практикалық жүзеге асырылуы басталды.  Бұған  Үкіметтің  4 халықаралық қаржы институттарынан   жалпы сомасы 3,5 млрд. долларды құрайтын қарыз қаражатын тартуы  себеп болды. Нәтижесінде еліміздің 7,5 млн. тұрғыны бар 5 облысы -  Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы  облыстарының өңірлік дамуы артатын болады.

Жалпы автожол саласында 6 концессиялық жобаны жүзеге асыру жобаланған. Бірінші кезеңде, 4 жобаның практикалық жүзеге асырылуын бастау жоспарлануда., олардың 3-і Алматы облысында.  Бұл - Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы  - Қорғас автожолдарын қайта салу, Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын (ҮАААЖ) салу.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Елбасының қатысуымен Қорғас - Жетіген темір жол құрылысының басталуына арналған салтанатты ашылу болды. Аталған жоба құрылысы кезінде 5 500 адамға арналған жаңа жұмыс орыны және 2 093 адамға арналған тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құны 93 млрд. теңгені құрайтын  жолдың ұзақтығы 293,2 км. Құрылысты аяқтау 2011 жылдың аяғына жоспарланған.

Әбілғазы Құсайынов жүзеге асырылып жатқан жобалармен қатар, алдағы уақыттағы жоспарларды да ортаға салды. Мысалы, қазіргі уақытта Елбасының тапсырмасы бойынша  ҚР Үкіметі 2010 жылы Жол картасын жалғастыру үшін қаражат көздерін қарастыруда. Онда да тұрғын үй-коммуналдық қожалық жүйесін одан әрі дамыту, жолдарды салу және жөндеу, әлеуметтік сала нысандарын жөндеу және ауыл проблемаларын шешу  жөніндегі негізгі бағыттарды сақтап қалу қарастырылған. Сонымен бірге, жастар практикасы бағдарламасын кеңейту, әлеуметтік жұмыс орындарын құру және кадрларды қайта даярлау бойынша шаралар жалғастырылмақ.

 Кездесуге қатысушылар Жол қартасының арқасында ағымдағы жылы олардың аудандарында үлкен жұмыс көлемі атқарылғандығын атап өтті. 2010 жылы Жол қартасын іске асыру өңірдің инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарының жағдайын жақсартуға тағы да бір мүмкіндік ашатын болады.

Кездесуден кейін Әбілғазы Құсайынов жол картасын жүзеге асыру барысымен танысу үшін Бөлек ауылы мен жаңадан ашылған Райымбек атындағы мектепке барды.