Көлік және коммуникация министрі Алматы облысында вагон жөндеу зауыты мен локомотив депосында болды
АЛМАТЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді,
деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Көлік внедомствосының басшысы алдымен «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ-да болды. Мұнда қосалқы жолаушылар жылжымалы құрамының бөлшектері, тораптары және негізгі жабдықтары шығарылады және жолаушылар вагондары жөнделеді. Кәсіпорынның жобалық қуаты - 1500 вагонды деподан кейінгі және күрделі жөндеу. Бүгінгі таңда мұнда «Трансмашхолдинг» ЖАҚ қатысуымен жолаушылар вагонын шығару ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, «Тверь вагон жөндеу зауыты» ААҚ-мен бірлесіп, техникалық жабдықтарды таңдау кезеңдері келісілуде. Биылғы жылдың өзінде мұнда алғашқы 10 вагон құрастырылып шығарылмақ. 2013 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 есе ұлғайтылмақ, бұл зауыттың өз өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар экспортқа шығаруға да мүмкіндік береді.
Министр сондай-ақ Алматы-Отар және Алматы-Сарыөзек-Үштөбе учаскелеріне қызмет көрсететін Алматы докомотив пайдалану депосында болды. Локомотив депосының мүлік паркі 84 бірлікті құрайды, оның 23-і электровоздар және 61-і - тепловоздар. Мұнда 775 адам, оның ішінде 616 машинистер мен олардың көмекшілері кәсіпорынның іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.
Өзінің жұмыс сапары барысында Ә.Құсайынов түстен кейін Жетіген-Қорғас жаңа темір жол желісінің құрылысы басталуы салтанатына қатысты.