Көлік және коммуникация министрі КазАТО басшылығымен кездесті

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының (КазАТО) президенті Мақсат Сақтағановпен кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Көлік және коммуникация министрі КазАТО басшылығымен кездесті

Бірінше кезекте Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) келісім жобасы шеңберіндегі қазақстандық және қытайлық жүктерді тасымалдау жағдайында тепе-теңдікті сақтау мәселесі қаралды. Атап айтқанда, осы Келісім шеңберінде қазақстандық тарап ШЫҰ мүше-мемлекеттердің аумағын («Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәліздің маршрутына сәйкес) паритетті пайдалануға және инфрақұрылымды қолдануда тең құқықтық қағидаға негізделеді.

Қазақстандық жүргізушілерге қытайлық визаларды беру мәселесінің өзектілігі артуда. Бұл мәселені КазАТО өкілдері күн тәртібіне шығарды.

2010 жылғы наурыз айынан Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі қазақстандық визаларды беру ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қазақстандық визаларды шетел азаматтарына рәсімдеу кезіндегі Қазақстанда болу мерзімін, визалардың реттілігі және рәсімдеу уақытын қысқарту жағынан талаптарды күшейтті. Автокөлік құралының мемлекеттік нөмірін және рұқсат беру бланкінің нөмірін визаға енгізуге қатысты Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі (ҚХР) Қазақстан Республикасының консулдығы қосымша талаптар енгізді.

ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ҚР ККМ) мен ҚР сыртқы істер министрлігі (ҚР СІМ) арасындағы кездесулер барысында бұдан бұрын ҚР СІМ қойған талаптар алынып тасталды. Қазіргі таңда ҚР СІМ бұл мәселені ҚХР сыртқы істер министрлігімен бірлесіп қарауда.

Сонымен қатар, кездесу барысында КазАТО президенті 2012-2013 жылдарға батыс еуропалық өндірісіндегі автомобильдерді әкелуге кедендік баждарға нөлдік мөлшерлеме орнату мәселесін көтерді.

ҚР ККМ Кедендік одақ комиссиясының сарапшылар отырыстарына бірнеше рет қатысып, онда халықаралық тасымалдауларды орындау үшін жаңа және бұрыннан пайдаланыстағы ершікті тартқыштар, тіркемелер мен қос доңғалақты тіркемелерді нөлдік кедендік баждарға жататын тауарлар тізбесіне қосуды ұсынған болатын.

Көрсетілген тауарларға қатысты Беларус мен Ресейдің түбегейлі позициясына байланысты кедендік баждар орнатылды. Кедендік одақтың қатысушы мемлекеттері өз позицияларын осындай тауарларды шығаратын ресейлік және беларустық өндірушілерді қорғау қажеттігіне негіздеп, ұстануда. Талқылау барысында ресейлік тарап Ресей аумағында жиналатын ершікті тартқыштарды қазақстандық тасымалдаушылардың алуына жеңілдіктер ұсынуға тараптар келісті. Алайда, қазіргі таңда қол жеткізілген келісімдер бойынша ресейлік тараптан ешқандай нәтиже болмай отыр.

ҚР ККМ Кеден Одағының алдағы отырыстарында аталған мәселені қайтадан алға қоятын болады. Қажетті құжаттар құзырлы органдарға жолданды.

Сонымен қатар, сәйкесінше рұқсат ету бойынша үшінші мемлекеттерден Қазақстанға шетел операторлары орындайтын тасымалдауларға көліктік бақылауды күшейту қажеттігі талқыланды.

Бұдан бұрын жоспарға сәйкес келісілген бақылау түрлерін Кедендік одақтың сыртқы шекарасына ауыстыру бойынша 2011 жылғы 1 шілдеден бастап көліктік бақылау Кедендік одақтың сыртқы шекарасына ауыстырылды. Елбасының тапсырмасына сәйкес әкімшілік кедергілерді азайту және республиканың транзиттік-транспорттық әлеуетін арттыру мақсатында 35 посттың 18 посты жойылды.

Осыған орай, өңіраралық инспекциялар мен көліктік бақылау комитетінің филиалдарына стационарлық және қозғалмалы көліктік бақылау посттарында қазақстандық-ресейлік шекарадан ҚР аумағына бағытталған барлық көлік түрлеріне үздіксіз бақылау орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Алайда, көліктік бақылау органдары екі жақты рұқсат берулер бойынша үшінші мемлекеттерге/ден шетел тасымалдаушыларының тасымал жасауларының көптеген фактілерін анықтады. Автокөлік құралдары тасымалдауға сәйкес рұқсаттар ұсынғанға дейін ұсталды.

Ағымдағы жылы ҚР көліктік заңнамасын бұзғаны үшін 812 шетел тасымалдаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық анықталған фактілер бойынша әкімшілік айыппұл салу және төлеумен қоса әкімшілік материалдар жасалды.

Автомобиль көлігі бойынша үкіметаралық келісімдердің ережелерін бұзу фактілері анықталған шетел тасымалдаушыларының Көлік ведомстволары бұл мәселе бойынша хабардар етілді.

РФ көлік министрлігіне Кеден одағына мүше-мемлекеттерінің аумағы арқылы жүк таситын үшінші мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары туралы ақпаратпен апта сайын алмасуды жүзеге асыру ұсынысы жолданды.

Жақын арада кедендік және шекаралық органдармен шетел автокөліктеріне бақылауды күшейту мәселесі жөнінде отырыс өткізу жоспарлануда.

Анықтама: Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы (КазАТО) 1995 жылдан бері Халықаралық автомобиль көлігі одағының (МСАТ) нағыз мүшесі, 2002 жылдан бері Халықаралық көлік академиясының ұжымдық мүшесі, сондай-ақ, ТМД мемлекет-қатысушылар көлік министрлерінің көліктік үйлестіру кеңесінің ассоциацияланған мүшесі болып табылады. КазАТО-ның мақсаттары мен міндеттері - халықаралық автомобиль тасымалдауларын дамыту мен қамтамасыз ету.