Көлік және коммуникация министрлігі: Алматы - Қорғас автожолын қайта салу жобасы бойынша үміткерлер аталды

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат. 2009 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінде Концессиялар жөніндегі конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
None
None

 Онда Алматы - Қорғас телімін қайта салу және пайдалану жобасын жүзеге асыру үшін концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықтама: Телімнің ұзақтығы - 301 км, техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес құрылыстың құны - 169 млрд. теңге. Қайта салу барысында аталған жол телімін 4 жолақты қозғалыспен 1 техникалық категорияға ауыстыру жоспарлануда.

Отырысты ашқан ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов аталған телімнің «Батыс Европа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрамдас бөлігі болып табылатындығын, сондықтан оның жүзеге асырылуы айрықша бақылауда болатындығын  атап өтті.

Конкурстық өтінімдерді ашу сәтінде екі үміткер анықталды - Көпірлер мен жолдарды салу жөніндегі қытайлық корпорация (CRBC) және италияндық «Импреджило»  компаниясы (Impregilo S.p.A).

Соңғы жаңалықтар