Көліктегі ІІД: Ұсталған қайыршылардың 80 пайызы - шетелдіктер
Осы ретте, тиісудің белсенді нысандары үшін жауапкершілік тек ғана азаматтарға қатысты туындайтынын атап өту керек. Аталған мәселені зеттеу барысында халықаралық тәжірибе мен ағымдағы істер жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Көлікетегі ІІД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстанда осындай заңнаманың болмауы қайыршылықтың белең алуына және еліміздің аумағына өзге елдерден қайыршылардың ағылуына мүмкіндік беріп келді. Статистикалық мәліметтер ұсталған қайыршылардаң 80% шетелдіктер екенін көрсеткен. Нәтижесінде, барлық мемлекеттік органдар өзара келісе отырып жаңа заңнаманың ережелеріне осы бап бойынша қамауға алу түріндегі жауапқа тарту шараларын енгізу, ал шетелдіктерді ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу қажеттілігі туралы бірауыздан шешім қабылдады.
«Заң күшіне енген күнен бастап, Көліктегі ІІД-нің қызметкерлері осы мақсатта темір жол вокзалдары мен әуежай ғимараттарында іс-шаралар жүргізуде. Соның нәтижесінде ҚРӘҚБтК 449-бабына сәйкес жеке тасымалдау (такси) қызметтерін көрсету бойынша азаматтарға мазалап өтініш білдіргені үшін 3 заңбұзушылық фактісі анықталды»,- дейді Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Садықов.
Оның айтуынша, қайыршылықпен айналысқаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес аталған құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған адамдарға 5 АЕК (9910 теңге) көлемінде, егер бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК (19820 теңге) көлемінде айыппұл салынады, не бес тәулікке дейінгі мерзімде әкімшілік қамауға алу көзделеді. Жоғарыда аталған әрекеттерді шетел азаматтары жасаса оларды ҚР аумағынан тысқары шығару, 5 тәулікке дейінгі мерзімде әкімшілік қамауға алу көзделеді.
Көліктегі полицейлері азаматтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптары мен нормаларын сақтаулары қажеттігін ескертеді.