Көліктегі орталық ІІД құрама командасы Астана қалалық ІІД шағын футболдан өткізілген жолдастық матчта ойсырата жеңіп кетті
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Көліктегі орталық ІІД құрама командасы маусымның 21-інде Қазақстан полициясының күніне орайластырып өткізілген шағын футболдан жолдастық матчта Астана қалалық ІІД ойсырата жеңіп кетті, деп хабарлайды КОІІД баспасөз қызметі.
Қақпаға дөп соғылған жалғыз доптың иегері Астана қаласының теміржол вокзалындағы желілік ішкі істер бөлімшесінің бастығы, майор Шаяхмет Қансейітов болды.
Кездесу нәтижелері бойынша, Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Марат Демеуов жеңімпаз командаға «SONY» плазмалық теледидары мен чемпион кубогын табыс етті.
Департаменттердің екі құрама командалары арасындағы келесі бәсеке ҚР Конституция күнін мерекелеу қарсаңында өткізіледі деп жоспарлануда.