Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көлік құжаттарының бірыңғай жүйесін қолдану 2027 жылға дейін тоқтатылды


АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда 2027 жылғы 1 маусымға дейін көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін қолдану уақытша доғарылды. Мұндай өзгеріс 2026 жылғы 23 шілдеде Көлік министрі міндетін атқарушының бұйрығымен енгізілді.

жүк тасымалы, жүк көлігі
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК

Атап айтқанда, 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың бір бөлігінің қолданысы тоқтатылды.

Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 маусымға дейін көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі пайдаланылмайды. Бұл жүйе автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне қатысты құжаттарды тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға арналған. Сонымен қатар, жүйе арқылы көлік құжаттары туралы нысандалған мәліметтер уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау үдерісіне қатысушыларға жолданады.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күні күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі пойыздарды интернетпен қамтуды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырғанын жазғанбыз.