Көлік министрлігінде Отан қорғаушылар күніне орай сала қызметкерлері марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде көлік саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандар құрметке ие болды.

Көлік министрлігінде Отан қорғаушылар күніне орай сала қызметкерлері марапатталды
Фото: Көлік министрлігі

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес салтанатты рәсім барысында сала қызметкерлері мен озық мамандарға «Үздік автокөлікші» және «Үздік жолшы» төсбелгілері, сондай-ақ Құрмет грамоталары табысталды.

Көлік министрлігінде Отан қорғаушылар күніне орай сала қызметкерлері марапатталды
Фото: Көлік министрлігі

 

— Марапаттар көпжылдық кәсіби шеберлігі, адал еңбегі, көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан маңызды үлесі, сондай-ақ жоғары нәтижелері мен белсенді кәсіби қызметі үшін берілді, — делінген хабарламада.

Осыған дейін бүгін Ақордада Отан қорғаушы күніне орай мерекелік іс-шара өтетінін жаздық.