Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығының төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Көлік министрінің бұйрығымен «Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Дархан Қатышев тағайындалды. 

Көліктік оқиғалар мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру орталығының төрағасы тағайындалды
Фото: Көлік министрлігі

Дархан Қатышев Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясын «Авиациялық техника және технологиялар» мамандығы бойынша бітірген.

2008–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы болды.

2019–2023 жылдары «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры болды.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Азаматтық авиация саласында мол тажірибесі бар. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұлттық үйлестірушісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, доктор ғылыми дәрежесі бар.

Айта кетелік Қанат Ысқақов Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалған еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум