Колледж оқушыларының оқу төлемдеріне облыстық бюджеттен 11 миллион теңге бөлінді

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық бюджеттік комиссия шешімімен колледж оқушыларының 2009 жылғы оқу үшін төлемдерін өтеуге 11 миллион теңге қаржы бөлініп отыр,

Колледж оқушыларының оқу төлемдеріне облыстық бюджеттен 11 миллион теңге бөлінді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінде облыс орталығындағы бес жоғары оқу орнында сегіз мыңнан астам жеткіншек, оның ішінде 3 мың 164-і мемлекеттік грант бойынша белгілі бір мамандықты меңгеруде. Елбасы Жолдауында студенттерге жеңілдіктер қарастыру турасындағы ұсынысына орай ҚР Білім және ғылым министрлігіне 284 өтініш жіберілген. Қазіргі таңда өңірдегі білім ордаларында жастардың толыққанды білім алуларына қажетті алғышарттар жасалып отыр. Айталық, техникалық институтта 1 мың 280 студент мемлекет есебінен білім алып жатса, 269 студент өтемақының жеңілдетілген түріне ие, оның сыртында 48 студент - атаулы стипендиаттар. Наурыздың 21-інде өткізілген акцияға орай өңірдің 12 кәсіпорны бірқатар мамандық иелерін өз қаражаттарына оқытуға ниет білдірді.