Колонияларға тыйым салынған заттарды қалай алып кіреді – ІІМ жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Ішкі істер министрлігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Тыйым салынған заттар бас бостандығынан айыру орындарына қалай тап болады?» деген сауал қойылды. Сұраққа аталған ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев жауап берді.

тюрма
Фото: freepik.com

«Тыйым салынған заттар қоршаулар арқылы тасымалданады. Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында мекемеге іргелес жатқан аумақты патрульдеу тұрақты түрде жүргізіледі, сондай-ақ сотталғандарға сәлемдемелер мен бандерольдерді беру кезінде алып жүрудің ең күрделі тәсілдері қолданылып жатыр. Әдетте, тыйым салынған заттар, тіс пасталарының түтігінде, кремдерде, дәрі-дәрмектің қаптамалары мен ыдыстарға жасырылады», — деді Шыңғыс Алекешев.

Оның айтуынша, консервілер мен тағамның ішіне жасырып кіргізетіндер де бар екен.

«Бірақ мұндай фактілерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бірден анықтап, жолын кеседі. Колонияларда заманауи бейнебақылау жүйелері енгізілген, сонымен қатар қажет жағдайда ұялы телефон байланысын бұзу жүйесі жұмыс істейді. Заттарды заңсыз алып кірудің себебі тез ара жойылады. Сонымен қатар қазір колонияларға ұялы байланыс құралдары мен басқа да техникалық құрылғыларды заңсыз беру немесе жеткізу үшін жауапкершілікті қатаңдату мәселесі пысықталып жатыр. Бұл норма тек сотталғандарға ғана емес, сонымен қатар мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге мүмкіндік берген қызметкерлерге де қатысты болады. Бұл жерде жауапкершілікті тежеуші фактор ретінде қатайту жоспарлануда», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар