Көлсай мен Қайыңдыға апаратын жол қашан жөнделіп бітеді

КЕГЕН. KAZINFORM - Кеген ауданында Саты ауылынан Қайыңды көліне дейінгі ұзындығы 10 шақырымға жуық жолдың құрылысы жалғасып жатыр. Жобаның жалпы құны шамамен 2,5 млрд теңге. Баспасөз турында тілшілеріміз жұмыс барысымен танысты.

в
Фото: Александр Павский/Kazinform

Жаңа жолдың құрылысы біршама уақыт талқыланды. Дегенмен 2023 жылдың күзінде Қайыңды - Саты таулы жолында болған автобус пен УАЗ соқтығысынан кейін жол-көлік жайлы жобаға белсенді назар ауды. Сол кезде құрылыстың 2024 жылы салынатыны айтылғанымен, жобаның басталу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді.

ц
Фото: Александр Павский/Kazinform

Туристер бұралаң тау жолында жол талғамайтын көліктермен көлге дейін жетіп, қалған жолды жаяу жүріп өтетін. Бүгінде жағдай жақсарды: жол асфальт төсеуге дайын. Ол кеңейтіліп, тегістелген және сыртын жабуға арналған негізі де дайындалған.

«Көлсай көлдері» МҰТП директорының орынбасары Хамит Ахметовтың мәлімдеуінше, негізгі дайындық жұмыстары аяқталды. Нысанда үш ірі көпір салынып, су өткізгіш құбырлар төселді, сондай-ақ жолды тегістеу мен нығыздау жұмыстары жүргізілді. Жуырда асфальт төсеу жұмыстары басталады.

Жоспар бойынша жол құрылысы 2026 жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс. Оның жалпы ұзындығы шамамен 10 шақырым,- деп атап өтті Хамит Ахметов.

Жаңа жол Қайыңды көлінен 1,5 шақырым жерде, 60-100 көлікке арналған тұрақ аймағында құрылады. Жолаушылар қалған жолды жаяу немесе атпен жүріп өтеді. Бұдан бөлек, транспорт үшін арнайы өткел қарастырылған. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды көлге дейін жеткізу мақсатында ақылы жұмыс істейді.

Жол пайдалануға берілгеннен кейін кіреберіске шлагбаум орнатылады. Жаңа жолмен жүрген жолаушыдан қосымша ақы алынбайды. Туристер үшін ұлттық парк пен Көлсай көлдеріне барудың бірыңғай тарифінің сақталуы да жоспарланған. Бүгінде аумаққа кіру құны автокөліктің санатына байланысты 2,5 мың теңгеден басталады. Сондықтан төлем жолаушылар саны арқылы емес, көлік құралымен есептеледі.

в
Фото: Александр Павский/Kazinform

Хамит Ахметов туристерді көлге дейін жеткізіп жүрген ескі УАЗ автокөліктерін пайдалану тақырыбын да атап өтті. Оның айтуынша, көптеген машина шынымен де жаңаруды қажет етеді. Сол үшін жаңа жол қолданысқа берілгеннен кейін қызмет көрсету сапасының талабы арта түседі.

Көлік иелері қазірдің өзінде көліктерін модернизациялау туралы ойлап жатыр. Дегенмен кей туристер үшін мұндай жол талғамайтын көліктермен жүру де қызықты, әркімнің талғамы әртүрлі дейді ғой,- деп хабарлады ол.

Ұлттық парк өкілінің мәлімдеуінше, мұнда жыл сайын туристік қызмет көрсететін жүргізушілер және ат иелерімен профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Парк әкімшілігі инфрақұрылымның дамуымен бірге қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ қауіпсіздік деңгейі де біртіндеп артады деп үміттеніп отыр.

ы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Еске сала кетейік, бұған дейін біз жобаның жүзеге асырылу барысын егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

Қайыңды көліне апаратын жол күзде пайдалануға беріледі.

                                                                                                                                                                                  Аяулым Қанатқызы