Колумбия сары безгектің өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – Колумбия үкіметі денсаулық сақтау саласында сары безгектің өршуіне байланысты төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды Kazinform Reuters агенттігі.

2023 жылдың басынан бері 74 ауру жұқтыру дерегі расталып, 34 адам қайтыс болғанын денсаулық сақтау министрі Гильермо Альфонсо Харамильо мәлімдеді.
Сары безгек — Aedes және Haemagogus масалары арқылы таралатын вирус жұқпалы ауру. Харамильоның айтуынша, ең ауыр жағдай Колумбияның орталық-батыс бөлігіндегі Толима департаментінде тіркеліп отыр, мұнда 22 оқиға анықталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Market Watch мәліметінше, Колумбияда арабика кофесінің бағасы бір фунт үшін 3,55 долларға дейін көтерілгенін жазған болатынбыз. Арабика кофесінің бағасы 27 қаңтардағы сауда-саттық кезінде бір фунт үшін 3,55 долларға (шамамен 7,83 доллар) дейін көтеріліп, рекорд жаңартқан еді.