19:00, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
Колумбияда 11 жасар контрабандашы қыз қолға түсті
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Колумбиядағы бір түрме қызметкерлері абақтыға 74 ұялы телефон мен тапанша алып өтпек болған 11 жастағы қызды қолға түсірді, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Тәртіп сақшылары қыздың үстіндегі киімінен күдіктенген. Кейін ондаған ұялы телефон мен тапанша қыз баланың денесіне жапсырылғаны анықталған. Қолға түскен жасөспірім заңсыз қару ұстағаны үшін өз жазасын өтеп жатқан туысқанына келгенін айтқан.