Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Колумбияда жер сілкінісінен кейін 5 әуежай жұмысын қайта бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Колумбиядағы бес әуежай қуатты жер сілкінісіне байланысты уақытша тоқтатылған жұмысын қайта жандандырып, коммерциялық рейстерге қызмет көрсете бастады. Бұл туралы Колумбияның Азаматтық авиация басқармасы мәлімдеді, деп жазады Report.

Колумбияда жер сілкінісінен кейін 5 әуежай жұмысын қайта бастады
Фото: Report

Ведомствоның мәліметінше, Армения, Буэнавентура, Кали, Кибдо және Манисалес қалаларындағы әуежайларда коммерциялық әуе қатынасы қалпына келтірілді. Ал Картаго мен Перейра қалаларындағы әуежайлар әзірге тек мемлекеттік органдар мен құтқару қызметтерінің арнайы рейстеріне ашық.

Еске салайық, 10 тамызда Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дүмпудің ошағы Чоко департаментінде орналасқан. Елде жер сілкінісінен кейін ұлттық апат режимі жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша табиғи апат салдарынан кемінде 234 адам қаза тапқан.

Айта кетейік, зілзаладан кейін елдегі футбол чемпионаты уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ кеше Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.