Колумбиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 68 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні Колумбияның оңтүстігіндегі Путумайо аймағында болған әскери ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 68 адамға дейін өсті. Бұл туралы сейсенбі күні Пуэрто-Легисамо қаласының мэрі Луис Эмилио Бустос хабарлады, деп жазады Синьхуа.
Оның айтуынша, бортында 128 адам болған Колумбияның Әуе-ғарыштық күштеріне тиесілі C-130 Hercules әскери-транспорт ұшағы Пуэрто-Легисамодан Пуэрто-Асиске ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған.
Мэрдің айтуынша, жергілікті тұрғындар бірнеше адамды құтқарып үлгерген, соның арқасында аман қалғандар саны артқан.
Ел президенті Густаво Петро ұшақтың 40 жылдан астам уақыт пайдаланылғанын және оны АҚШ-тан бұрынғы президент Иван Дуке (2018–2022 жылдары қызмет атқарған) кезінде алғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр, деп хабарлады билік өкілдері.
Бұдан бірер күн бұрын ұшақ апатынан қаза болғандар саны 66-ға, ал жарақат алғандар саны 57-ге жуықтағанын жазған едік.