«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес Оралда 2020 жылға дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады

ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат - «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес Оралда 2020 жылға дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес Оралда 2020 жылға дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, шаһар халқы жыл санап көбейіп келеді. 2030 жылға қарай 400 мыңға жетеді деп болжанып отыр.

Қаланың бас жоспарына сәйкес шаһар аумағы 5 гектарға ұлғай­мақ. Оның 2,7 гектары тұрғын үйге бағытталған. Тұрғын үй салу бо­йынша мемлекет тарапынан «Қол­жетімді баспана - 2020» бағдар­ламасы жүзеге асырылады және жеке инвесторлар тартылады. Құ­рылысқа қажет материалдарды өзімізден шығару бағытында да жұмыстанып жатырмыз. Қазір қалада екі тұрғын үй құрылыс комбинаты салынуда. Қала солтүстік-шығыс және батыс бөлігі жағынан дамымақ. Бұл жақтан негізінен көп қабатты және таунхаус коттеджі типтес үйлер бой көтермек. Бұл бағытта де­мо­­г­ра­фияның, өндірістің, бизнес­тің даму қарқыны ескерілді. Яғ­ни тұрғындар жұмыссыз қалмайды. Қазір қала тұрғындарының үштен бірінде көлік бар. Сол себепті қаланың орталық көшелеріндегі көлік нөпірін азайту үшін жаңа шағынаудандарға әкімшілік бас­қару орындарын, бизнес нысандарды көшіру жоспарлануда.