Қолжетімді баспана – тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіш – Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM – Былтыр мемлекет әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 21 мыңға жуық пәтер сатып алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Елордада жұмыс істейтін жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Фото: gov.kz

- Тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға баспананың қолжетімді болуы – тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіш. Былтыр мемлекет осы санаттағы адамдар үшін 21 мыңға жуық пәтер сатып алды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда.

Президент келтірген дерекке сүйенсек, соңғы екі жылда бірқатар қалада (Семей, Тараз, Кентау, Орал) ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған заманауи оңалту орталықтары бой көтерді.

- 2026 жылдың аяғына дейін Ақтөбеде, Атырауда, Көкшетауда, Шымкентте және Талдықорғанда дәл осындай орталықтар ашу қажет, - дейді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ел өңірлерінде өтетін түрлі мәдени-туристік іс-шараларды бренд ретінде қалыптастыру қажеттігін айтты. 

Одан бөлек, Президент шекаралық елді мекендердің бүгінгі ахуалына тоқталды. 

Соңғы жаңалықтар