Көмір артылған 16 вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Забайкальеде көмір тиелген 16 вагон рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға Забайкалье темір жолындағы Артеушка - Пеньковая өткелінде орын алды. Бұл жердегі пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылды.
None
None

Вагондар рельстен шығып кеткен шақта ешкім зардап шеккен жоқ. Экологиялық қауіпті жағдай да туындамады, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиға орнына қалпына келтіруші пойыз жіберілді.

№91 "Владивосток - Мәскеу" және №92 "Мәскеу - Владивосток" пойыздары кідіруде.

Соңғы жаңалықтар