Коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарыз 1 жыл ішінде 1,3 млрд. теңгеге төмендеп, 7,6 млрд. теңгені құрады - Үкімет отырысы

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат -  Сәуір айының аяғына қарай коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарыз 7,6 млрд. теңгені құрады.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Құрылыс істері және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарыз 1 жыл ішінде 1,3 млрд. теңгеге төмендеп, биылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша 7,6 млрд. теңгені құрады», - деді С. Нокин. Оның сөзіне қарағанда, әкімдіктер алдында дебиторлық қарызды 1 жылдың ішінде 50 пайызға төмендету мақсат-міндеті жүктелген көрінеді. Аталған көрсеткішке Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстары қол жеткізді. Ал, қарыздарды  40 пайызға Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының әкімдіктері төмендете алды. Бұдан бөлек Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары көрсеткіштеріне қарағанда, қарыздарды төмендету 25 пайыздан аспайды.  Ал, Астана мен Алматы әкімдіктері дебиторлық қарыздың артуына жол беріп алған.

«Жүктелген көрсеткішке қол жеткізбеген әкімдіктер бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруы тиіс», - деп атап өтті С. Нокин.

Айта кетейік, Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында агенттік коммуналдық қызмет үшін қарыздарды төмендету бойынша жұмыс жоспарын әзірледі. Оған сәйкес әкімдіктер дебиторлық қарызды төмендету бойынша және қарыздардың өсуіне жол бермеу тұрғысында өңірлік жоспарды бекітуі тиіс болатын.  Аталған шаралар жүйелі шараларды пайдалану арқылы дебиторлық қарыздарды қайтару бойынша жұмыстарды жандандыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар