Коммуналдық салада жұмыс істеп жатқан Маңғыстау МКК атауын өзгертті
АҚТАУ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы «Жылу, су құбырларының желілері мен су беру» МКК өз атауын өзгертті.
Аталмыш кәсіпорын республикадағы қалалар мен облыстардағы коммуналдық кәсіпорындардың үлгісімен «Каспий жылу, су арнасы» МКК деп атала бастады. Кәсіпорынның клиенттер үшін көптеген қолайлы жағдай жасайды. Коммуналдық қызмет ұжымы ғимараттың ішінде жөндеу жұмыстарын өткізіп, онда жаңа кассаны ашты. Кәсіпорынның қаладағы барлық кассалары енді жаңа ұзартылған кесте бойынша және сенбі күні де жұмыс істейді.
- Бұдан басқа, кәсіпорынның сайты іске қосылды. Онда қызметтерді тұтынушылар жүйеге қарапайым кіруді орындап, кәсіпорын алдындағы қарыз сомасын біле алады. Сайт қызметтерін www.caspiyarnasy.kz сілтемесімен қолдануға болады, - деп бөлісті жаңалықпен «Каспий жылу, су арнасы» МКК-ның директоры Серік Ғұсман.