Компанияның негізгі стратегиялық мақсаттары өзгермейді - «Республика ЖЗҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Біздің таңдап алған стратегиямыз өзін-өзі ақтады». Оны «Республика ЖЗҚ» АҚ-ның басшылары бүгін Алматыда 3 жылдық жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бізде о бастан-ақ динамикалық өсу стратегиясы таңдап алынған болатын. Ол өзін-өзі дәлелдеді. 2007 жылды 13 мың салымшымен аяқтасақ, 3 жылдың қорытындысында бізге сенім білдіргендердің саны тамыздың 1-індегі дерек бойынша 170 мыңнан асып отыр. Ал зейнетақы активтерінің өсімі 53 миллиард теңгеден артып, зейнетақы жинақ ақшасының сомасы әр салымшыға шаққанда 312 мың теңгені құрады. Сондай-ақ номиналды табыс коэффициенті 31 пайыздан асып, нарықта ең жоғарғы табыстылықты көрсетті. Компанияның негізгі стратегиялық мақсаттары алдағы уақытта да өзгермейді. Бұл консервативті инвестициялық саясат пен сапалы қызмет ұсыну», дейді «Республика ЖЗҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Смаилов. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы табысты зейнетақы қорларының бірі болып саналатын «Республика ЖЗҚ» АҚ-ы енді алдағы жылдан бастап зейнетақы қорларының салымшылары үшін инвестициялық мультиқоржынды іске қоспақ. Қазіргі таңда қор қызметкерлері салымшыларға инвестициялық стратегияны таңдау туралы кеңес беріп, сауалнама жүргізуде. Таяу уақытта қор салымшылары мен «Resmi» ИДФ»АҚ-ы клиенттері үшін өз активтерін басқару бойынша «жеке инвестициялық кабинет» платформасы іске қосылмақ. Ол зейнетақы жинақ ақшасын ғана емес «Resmi» ИДФ басқаруындағы басқа инвестицияларды да басқаруға көмектесетін болады.

Соңғы жаңалықтар