Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын.
Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте қайтыс болғаны хабарланды.
Еске салайық, осы жылдың маусым айында әлеуметтік желіде оның аянышты жағдайдағы видеосы тараған болатын.