«Композитор» фильмінің ұжымы Астанадағы Қытай кинофестиваліне келді

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Джеки Чан «Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсіретін «Композитор» фильмінің ұжымымен кездестім, келесі ретте Қазақстанда түсірілетін туынды менікі болады деп сенемін», - деді.
Еске сала кетейік, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қытай кинематографистерімен бірлесіп «Композитор» (жұмыс атауы) атты фильмді түсіруді қолға алды .
Аталған фильм әлемдік өнерге елеулі үлес қосқан Қытайдың танымал композиторы Си Синхайдың өмірі мен өнер жолына арналмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1941-1943 жылдар аралығында) композитор Қазақстанда тұрып, қазақтың талантты композиторы Бақытжан Байқадамовпен дос болған. Картина екі ел арасындағы ынтымақтастық пен композиторлардың достығы туралы сыр шертеді.
Бұдан бұрын хабарлағандай, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Джеки Чан Қазақстанда филім түсіруге ниетті екендігін мәлімдеген болатын.