05:31, 08 Маусым 2014 | GMT +5
Композитор Қуат Шілдебаев Алматыда өзінің картиналарын қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал композитор Қуат Шілдебаев өз талантының жаңа қырын ашты. Ол алғаш рет өзінің көркемсурет шығармаларын Алматыдағы галереялардың біріне қойлы, деп хаабарлады 24.kz.
Қуат Шілдебаев белгілі адам: композитор, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Симфониялық, камералық және хорға арналған шығармалар, халық аспаптарына арналған күй, фильмдерге музыка жазады, олардың ішінде «Отырардың күйреуі», «Сталинге сыйлық», «Қош, Гүлсары» «Балалық шағымның аспаны», «Шал» сияқты фильмдер бар. Оның шығармашылығы қазақтың дәстүрлі музыкасымен байланысты, дегенмен ол бүгінгі заман тақырыбын да қаузап келеді. Алайда оның суретші екенін көптеген адамдар білген жоқ.
Композитор бұдан 3 жыл бұрын сурет өнерімен әуестене бастаған болатын. «Енді мені өзіне тарта түсті. Бояулварда да ішкі үндестік, полифония, контрапункт бар екен. Зейінім ауғаны соншалық, кейде уақытты да ұмытып қаламын», дейді Қуат Шілдебаев.