Көмірхимия – жаңа драйвер: саланы дамытуға арналған жол картасы дайын

АСТАНА.KAZINFORM — Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов төрағалығымен көмірхимияны дамыту мәселелері бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобына мемлекеттік органдардың, салалық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар кіреді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

көмір
Фото: Үкімет

Отырыс барысында қатысушылар 2026–2031 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының көмірхимия өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасының жобасын қарады. 

Құжат саланы дамытудың кешенді шараларын көздейді, оның ішінде:

  • саланы мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру;
  • пилоттық көмірхимиялық жобаларды іске асыру;
  • ішкі және сыртқы нарықты көмірхимия өнімдерімен қамтамасыз ету;
  • ішкі тұтынуды ынталандыру;
  • ғылыми-техникалық базаны және кадрлық әлеуетті дамыту.

Талқылау қорытындысы бойынша Жол картасының жобасы түскен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталып, кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жолданады.

Айта кетейік, Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді.

Қазақстан Air Products компаниясына мұнай-газ химиясы және көмір химиясын дамытуды ұсынды.