Конькиші Екатерина Айдова АҚШ-та өткен әлем чемпионатында жаңа рекордқа қол жеткізді

ҚАРАҒАНДЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағандылық Екатерина Айдова АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласындағы коньки тебу спортынан спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионатына қатысты, деп хабарлайды Қарағанды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Конькиші Екатерина Айдова АҚШ-та өткен әлем чемпионатында жаңа рекордқа қол жеткізді

Е.Айдова Қазақстан құрамасының атынан шықты. «500 м. аралығында Е.Айдова 38,05 нәтижесімен 21-ші орыннан көрінді, 1000 м. аралығында 1,14,95 нәтижесімен 16-шы болып келіп, Қазақстанның жаңа рекордына қол жеткізді», - деп атап өтілді хабарламада.

Спортшыны Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Сергей Лоскутников дайындады.