Конькиші Екатерина Айдоваға Қарағандыда пәтер тарту етілді

> жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және рекордшысы Екатерина Айдова Қарағандыда пәтерге ие болып отыр.
None
None

Қала әкімдігінен хабарлағандай, Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішев спортшыға жаңа үйден екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Е. Айдова жан-жақтан ұсыныстардың түсіп жатқанына қарамастан, туған қаласынан кетпейтінін айтып отыр. «Астанадан пәтер, жақсы жалақы ұсынды, бірақ мен бас тартым. Дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын, себебі Қарағанды менің туған қалам және осында өнер көрсете бермекпін», - дейді спортшы.

Оның жақын жоспарлары 2011 жылғы қысқы Азиада ойындарына дайындықпен байланысты. Е. Айдова қазір Испанияға алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанды. Елге мамыр айының соңына қарай оралмақ, себебі маусымның 9-ында Катя Ұлттық бірыңғай тест тапсырады.

Соңғы жаңалықтар