Қонаев қаласында көпірден суға секірген азамат құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін «112» желісіне Алматы — Өскемен автожолында, Қапшағай су электр станциясы маңында ер адамның көпірден суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Қонаев қаласы ТЖБ баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендай, оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психолог маманы және полиция қызметкерлері жедел жетіп, азаматпен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысты. Алайда ер адам кенеттен суға секіріп кетті.
— Құтқарушылар қайықпен суға түсіп, азаматты дер кезінде құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, — делінген хабарламада.
Қонаев қаласының жедел — құтқару жасағының құтқарушылары төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін еске салды.
Осыған дейін Ақтөбеде полиция қызметкерлері күйеуіне қоштасу хатын жазған әйелді құтқарғанын жазған едік.