Қонаевта акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қонаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары заңсыз сауда айналымына түскен тауарларды жойды.

Қонаевта акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды
Фото: Қонаев қаласы әкімдігі

Аталған тауарлар «Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» мемлекеттік сот орындаушылары тарапынан тәркіленіп, әрі қарай шара қолдану үшін әкімдікке жіберілген.

- Тізімге акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнімдер, Қытайда өндірілген бір тоннадан аса биологиялық белсенді қоспалар және акцизделмеген 80 қорап темекі өнімдері кірді, - делінген ақпаратта.

Мүлікті жою барысында барлық комиссия мүшелері – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен қоғамдық ұйымдар қатысқан.

Тауарлар қоқыс полигонына жеткізіліп, ауыр техникамен толықтай жарамсыз етілді.

Айта кетейік, Алматы облысында бір апта өртенген қоқыс полигоны жабылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар