Қонаевта атауы жоқ көшелерге қайраткерлердің есімі берілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаев қаласының бірнеше көшесіне атау берілді. 

Қонаевта атауы жоқ көшелерге қайраткерлердің есімі берілді 
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Тиісті қаулы Алматы облыстық мәслихатының сайтында жарияланған.

Республикалық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес, бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы және Алматы облысы мәслихатының шешімімен Қонаевта атауы жоқ көшелерге келесі тұлғалардың есімдері берілді:


— Атауы жоқ көше (1-ші линия) — Әбдіқадыр Нұрмағамбетов көшесі;
— Атауы жоқ көше (2-ші линия) — Ақбай Әлібаев көшесі;
— Атауы жоқ көше (3-ші линия) — Жақыпжан Шарипов көшесі;
— Атауы жоқ көше (4-ші линия) — Сүндетбай Балхашев көшесі;
— Атауы жоқ көше (6-шы линия) — Жұмабек Жақыпов көшесі;
— Атауы жоқ көше (8-ші линия) — Әукен Жылқыбаев көшесі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 156 көшеге жаңа атау берілді.

Соңғы жаңалықтар