Қонаевта бала көлік астына түсіп, мерт болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында баланың көлік астына түсіп, қаза болуына байланысты іс қозғалды. 

п
Фото: ІІМ

Әлеуметтік желіде баланың жол апатынан мерт болғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 11-шағын ауданында болғаны және онда жаяу жүргіншілер жолы жоғы айтылды. 

Желі қолданушылары көшедегі жол қауіпсіздігі сақталмағанына наразы.

Полиция қызметкерлері адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісін растады.

20 қыркүйек сағат 18:40 шамасында 22 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

— Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қызылорда облысында жол апатынан екі адам көз жұмған еді.