14:45, 13 Тамыз 2025 | GMT +5
Қонаевта дәрігерлер мен құтқарушылар шомылу маусымында 30-ға жуық адамның өмірін арашалап қалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласында шомылу маусымы кезінде 30-ға жуық азаматтың өмірін сақтап қалған дәрігерлер мен құтқарушылар марапатталды.
Қала әкімінің Алғыс хаттарын:
- 8 адамды судан құтқарған Бекзат Рақымжанов;
- 6 адамды құтқарған Бақдәулет Тұрсын;
- жансақтау бөлімінің дәрігері Рият Бакриев пен кіші медицина қызметкерлері Бақжан Іскендір, Қанат Арынбаев;
- энергетик Бекзат Тәңірберген;
- «Қонаев Су арнасы» МКК қызметкері Дәулет Ағайдаров;
- «Қонаев Жылу орталығы» МКК электрожөндеушісі Руслан Макатьев иеленді.
Реаниматолог Рият Бакриев шомылу маусымында 30-ға жуық адамның өмірі аман қалғанын, оның ішінде үш жасқа жетпеген бір баланың оқиғасы ерекше есте қалғанын атап өтті.
Дәрігердің айтуынша, суға батудың негізгі себебі – алкоголь өнімдерін тұтыну, ересектердің 70-80%-ы мас күйде болған.
Айта кетейік, Алматы маңындағы тауда тас құлап жарақат алған жасөспірім құтқарылды.