12:00, 09 Ақпан 2026 | GMT +5
Қонаевта қатты желден тұрғын үйлер мен инженерлік желілерге зақым келді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаев қаласында дауылдан кейін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Қонаевта 8 ақпаннан 9-ына қараған түні 27 м/сек жылдамдықпен жел соққан. Оның салдарынан инженерлік желілерде ақаулар болып, тұрғын үйлердің шатыры ұшқан және жеңіл конструкцияларға зақым келген.

— Түнде құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жарық өшкен бірқатар шағын ауданда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлады әкімдіктен.

Қонаев әкімшілігі 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілгенін мәлімдеді.
Еске салайық, Алматыда жауған қардан кейін көшелерді тазалауға 1 мыңнан астам техника жұмылдырылды.