Қонаевта түнгі уақытта әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздар жазаланды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында тәртіп бұзған екі сарбазға байланысты әкімшілік ісі қаралды.

Сарбаздар
Фото: Видеодан алынған кадр

- Осы жылдың 8 шілдесінде Н. және М. күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жайлы аға сержанттың ауызша бұйрығын қасақана орындамай және сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткені анықталды. Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды облыстық соттан.

Сондай-ақ әскери бөлімде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот актісін жария етуіне Н. және М.-нің қызметтестері шақырылғаны хабарланды.

Еске салайық, Алматы облысында 19 бала тәрбиеленген заңсыз медресе анықталған болатын

Соңғы жаңалықтар