Көне Отырар қаласын Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енгізу туралы ұсыныс әзірленіп жатыр ? М. Құл-Мұхаммед

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Көне Отырар қаласын Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енгізу туралы ұсыныс әзірленіп жатыр. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиын барысында 2008 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе министр, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасына ерекше тоқталып өтті. «Бағдарлама іске асырылған төрт жылда шеңберінде 51 тарих және мәдениет ескерткіштеріне жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қазақстан аумағындағы 39 қалашықтар пен қорғандарда археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асты. Қазақстандағы мәдениет нысандарын қалпына келтіру жұмыстарымен қатар, Дамаск қаласындағы Әл Фараби кесенесі мен этномәдени орталығының құрылысы, Сұлтан Бейбарыстың кесенесі және Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстар жалғасуда», деді министр. Оның айтуынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені сияқты екі теңдессіз ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енгізілген. «Дүниежүзілік Мұралар тізіміне аталған екі нысанның енгізілуі ? бұл біздің ұлттық мақтанышымыз. Қазіргі кезде Көне Отырар қаласын да Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енгізу туралы ұсыныстар әзірленіп жатыр», деді министр.
Соңғы жаңалықтар