Конференция лигасы: «Ақтөбе» өз алаңында «Сараевоға» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 11 шілдеде УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» өз алаңында босниялық «Сараево» командасымен кездеседі.

«Сараево» командасы 1946 жылы құрылған. Боснии және Герцеговина біріншілігінде бес мәрте чемпион атанды.
Аталған клуб еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Әзірге топтық кезеңге жете алған жоқ.

Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Соған қарамастан бірінші кезеңде қақпа құлпы ашылған жоқ.
Екінші кезеңде де ақтөбелік клубтың басымдығы байқалып тұрды. Қос қанаттан жиі шабуыл ұйымдастырып жатты. Ақтөбелік шабуылшы Максим Самородовтың өзі бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.
Ойынның 90-минутында сапынан «Сараево» сапынан Франсис Кьеремех соққан гол командасына жеңіс алып келді.
Қарымта кездесу 18 шілдеге белгіленген.
Енді елорда уақытымен 22:00–де Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» мен Словакияның «Ружемберок» командалары кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» молдовалық «Петрокуб» командасымен тең түсті.