Конференция лигасы: «Астана» және «Елімайдың» ықтимал қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Астана» және «Елімай» командаларының UEFA Конференция лигасы бірінші кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды.

ч
Фото: «Астана» футбол клубы

Қазақстандық клубтар UEFA рейтингіндегі орны бойынша әртүрлі себетте орналасқан. Нәтижесінде «Астана» командасы «еленген» ұжымдар тізімінде болса, «Елімай» «еленгендер» қатарына қосылған.

Жоғары клубтық коэффициентіне байданысты «Астана» бірінші кезеңде әлсіз клубтармен шеберлік байқасады. Олардың ықтимал қарсыластары қатарында «Лиепая» (Латвия), «Ильвес» (Финляндия), «Стярнан» (Исландия), «Богемианс» (Ирландия), «Виртус» (Сан-Марино) клубтары бар.

Ал рейтингте 2.750 балды еншілеген семейлік команда еуропалық орта деңгейдегі командалармен жолығады. Олардың қатарына РФШ (Латвия), «Жальгирис» (Литва), «Шкендия» (Солтүстік Македония), «Сараево» (Босния және Герцеговина), «Динамо Тбилиси» (Грузия) енгізілген.

UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі 16 маусым күні тартылады. Ал алғашқы ойын 9 шілдеге белгіленсе, қарымта кездесу 16 маусымда өтеді.

Айта кетсек, былтырғы маусымда алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесіне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Сондай-ақ биыл «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасында ойнаса, «Тобыл» еурокубокты UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен бастайды.