Конференция лигасы: «Елімай» сырт алаңда «Алашкертпен» тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Чепиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Елімай» (Семей) сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесті.
Алғашқы минуттан командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Соған қарамастан бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Ойынның 60-минутында семейлік клубтан Арсен Әшірбек қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырды. Бұл — семейлік клубтың еуроокубок ойындарыдағы тұңғыш голы. Дегенмен 86-минутта армениялық клубтан Давид Тертерян таразы басын теңестірді.
Екі команданың бұдан кейін есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болды. Дегенмен оны футболшылар пайдасына жарата алған жоқ.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді қарымта кездесу 16 шілдеде Семей қаласында өткізіледі.
Айта кетсек, бүгін 00:00–де елордалық «Астана» Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» командасымен кездеседі.
Сондай-ақ қостанайлық клуб Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы - Литваның «Паневежис» клубы.
Ал бұдан бұрын алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы 2026/27 маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді.