Конгода Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 500-ге жақындады

АСТАНА. KAZINFORM — Конгод демократиялық республикасында Эбола безгегі әлі де өршіп тұр. Елде 1528 расталған жағдай тіркелса, 492-сі вирустан ажал құшқан. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының деректеріне сілтеме жасап, Синьхуа агенттігі хабарлады.

Эбола
Фото: Report

Мәліметке сәйкес, 239 науқас сауығып шыққан, 628 адам ем қабылдап жатыр әрі оқшауланған. Тағы 185 адам күдікке іліккен. Мамандар аурудың таралу қарқыны әлі де жоғары екенін, соңғы апталарда аптасына 300-ден астам жағдай тіркелгенін айтады.

Дәрігерлерге бірқатар қиындықтар кедергі келтіргенін алға тартып отыр. Медициналық ресурстардың жетіспеуі, байланыстарды қадағалаудың әлсіздігі және кейбір аймақтарға қолжетімділіктің шектеулі болуы қиындық туғызып отыр.

Қазіргі уақытта ықтимал емдеу тәсілдерін тексеру үшін клиникалық сынақтар басталғанымен, бұл штамға қарсы мақұлданған вакцина да, арнайы ем де әлі жоқ.

Бұған дейін Францияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы науқас толық жазылып шыққанын жаздық.