Конгода Эбола вирусын жұқтырғандар саны 2 мыңнан асты
АСТАНА. KAZINFORM — Конго Демократиялық Республикасында зертханалық жолмен расталған Эбола вирусын жұқтыру саны 2 011-ге жетті, деп хабарлайды Report.
Соңғы бір тәулікте ауру жұқтырудың расталған 20 жаңа жағдайы тіркелді.
Ресми мәлімет бойынша, Эбола безгегінен 754 адам көз жұмған. Өлім-жітім деңгейі — 23,4%.
Қазіргі уақытта ауруханалар мен медициналық оқшаулау орталықтарында 376 науқас ем қабылдап жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдарды бақылау көрсеткіші 64,4%-ға жеткен.
Еске салайық, Эбола безгегінің өршуі 15 мамырда Конго Демократиялық Республикасының шығысында және Угандада басталған. Аурудың негізгі ошағы Конгоның Итури провинциясы болып отыр.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасындағы Эбола індетінің нақты ауқымы ресми көрсеткіштен екі-төрт есе жоғары болуы мүмкін екенін мәлімдеді.