Конгода министр мінген ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді
АСТАНА. KAZINFORM — Оқиға Конго Демократиялық Республикасының Тау-кен қазу өнеркәсібі министрі Луис Ватум Кабамба мінген ұшақ Колвези әуежайына ұшып келген кезде болды, деп хабарлайды Actualite.
Киншасадан келген ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, өртене бастады. Бұл оқиғаны бейнеге түсіріп тұрған куәгерлердің үлкен алаңдаушылығын тудырды.
Initial reports being received of an aircraft crash
— FL360aero (@fl360aero) November 17, 2025
at Kolwezi Airport (KWZ) of Lualaba District in the Democratic Republic of Congo.
The aircraft was carrying the national Minister of Mines and his delegation.#aircraft pic.twitter.com/HAjepnxtEm
Министр Колвезиге ондағы көпірдің опырылуы салдарынан 40-тан астам адам қаза тапқан Калондо кенішіне бармақ болған.
Ватум Кабамба және оның делегациясының барлық мүшелері уақытында эвакуацияланды. Оның байланыс жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембоның айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен барлық жүк бортта қалды.
— Бізді алып бара жатқан ұшақ қона алмай, өртене бастады. Біз жалын бүкіл ұшаққа таралмай тұрып борттан түсіп үлгердік, — деп түсіндірді Тау-кен қазу өнеркәсібі министрінің байланыс жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембо.
Еске сала кетсек, қазан айының соңында Үндістан президенті Драупади Мурму мінген тікұшақ елдің оңтүстігіндегі Керала штатына қону кезінде жаңа төселген асфальтқа түсіп кеткен.