Көңілділер мен тапқырлар клубы сайысты

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -Жаңақорған ауданында ішкі саясат бөлімі мен "Жалынды жастар" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің кубогы үшін көңілділер мен тапқырлар клубы командаларының турнирі өтті,

 Көңілділер мен тапқырлар клубы сайысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі."Ауылым ? алтын бесігім" атты сайысқа Шиелі, Сырдария, Қармақшы және Жаңақорған аудандарының жастары қатысты. Іс-шараның мақсаты жастар бойындағы елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді әспеттеу болып табылады. Сайыс қорытындысында бас жүлдені жаңақорғандық "Жалынды жастар" командасы жеңіп алды. Бірінші орынды Сырдария ауданының жастары иемденді. Үздіктер арнайы грамоталармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.