Қоныс аудару дәуірінің куәсі: Қостанайдағы XIX ғасырдың соңындағы ғимарат қандай құпияны сақтап тұр

АСТАНА. KAZINFORM – Қостанайда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан сақталған бұрынғы қоныс аудару басқармасы бар. Бүгінде ол олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залы.

Қоныс аудару дәуірінің куәсі: Қостанайдағы XIX ғасырдың соңындағы ғимарат қандай құпияны сақтап тұр
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

Тарихи ғимарат Алтынсарин көшесі, 124 мекенжайында орналасқан. Оның тарихы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдан басталады. Ол Тобыл өңірінің белсенді қоныстану дәуірінде салынған және қаланың қалыптасуында маңызды рөл атқарған қоныс аудару басқармасы кешенінің бір бөлігі болған.

Қоныс аудару дәуірінің куәсі: Қостанайдағы XIX ғасырдың соңындағы ғимарат қандай құпияны сақтап тұр
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

Қоныс аудару басқармасы – халықтың тығыз қоныстанған аймақтарынан аз қоныстанған өңірлерге көшірілуін ұйымдастырған бұрынғы мемлекеттік орган.

Қоныс аудару дәуірінің куәсі: Қостанайдағы XIX ғасырдың соңындағы ғимарат қандай құпияны сақтап тұр
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

Оның басты міндеті – шаруаларға жер алып, жаңа өңірлерді мысалы, Сібір мен Қазақстанның солтүстік бөліктерін игеруге көмектесу.

Уақыт өте келе сәулет ескерткішінің сыртқы келбеті ішінара өзгеріске ұшыраған. Бүгінде ғимараттың кейбір қасбеттік элементтері бүлінгенімен, тарихи нысанның негізгі сипаты сақталып қалған. Тастан өрілген қабырғалар мен сәндік бөлшектер Қостанайда әкімшілік және қоғамдық ғимараттар қарқынды салынған сол дәуірдің құрылыс дәстүрлерін еске салады.

Қоныс аудару дәуірінің куәсі: Қостанайдағы XIX ғасырдың соңындағы ғимарат қандай құпияны сақтап тұр
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

1964 жылдан бері бұрынғы қоныс аудару басқармасының ғимаратында олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Владимир Матвиенко атындағы зал орналасқан. Осылайша ғимарат бүгінге дейін қалаға қызмет етуді жалғастырып келеді, яғни ендігі уақытта қостанайлық спортшылар жаңа буынын тәрбиелейтін орын.

Қоныс аудару дәуірінің куәсі: Қостанайдағы XIX ғасырдың соңындағы ғимарат қандай құпияны сақтап тұр
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform

Бұған дейін Қазақстандағы ең танымал тарихи орындар туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар