«Конопля» деген лақап атымен танымал қылмыстық әлемнің «беделдісі» ұсталды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Ақмола облысында адам ұрлығы үшін республикалық іздеуге жарияланған «Конопля» лақап есімімен танымал қылмыстық әлемнің «беделдісі» ұсталды,

«Конопля» деген лақап атымен танымал қылмыстық әлемнің «беделдісі» ұсталды

деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 Ол Петропавл қаласында қылмыстық ортаның «беделдісі» ретінде есепке алынған. Адам ұрлады деген күдікпен 2011 жылы желтоқсан айында оған республикалық іздеу жарияланған. 

 Оны ұстауға барлық облыстар жұмылдырылды. Іздеу туралы жедел ақпарат түсісімен Ақмола облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері Көкшетауда жергілікті қылмыстық орта «беделдісінің» жанында «Конопля» есімді еуропалық нәсілді белгісіз тұлғаның жүргендігін анықтаған.

 Кейін оның кім екендігі іздеу материалдарымен салыстыру кезінде белгілі болады. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында петропавлдық «беделдіге» Көкшетау қаласының орталығынан пәтер жалданғандығы туралы мәлімет алынады. Шұғыл түрде іздеуге салынған күдіктінің табылғандығы туралы Солтүстік Қазақстан облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлеріне хабарланады. Оны ұстау бойынша операция жалдамалы пәтерде болды.

 Қазіргі уақытта күдікті Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.