«Конституция - ел тұтастығы мен бірлігінің негізі» атты байқау өтті

АҚТАУ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ -  Кеше Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасында «Конституция - ел тұтастығы мен бірлігінің негізі» атты байқау өтті. Ата заңның 14 жылдық мерекесіне арналған кеште мекеме қызметкерлері заң саласында білім сайысына түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқармадағы жас мамандар байқауда үш топқа бөлініп жарысты. Алғашқы шарт бойынша 6 адамнан құралған топтар өздерін таныстырып өтті. Ал екінші турда олар Ата заңнан алынған 5 сұраққа жауап берді. Соңғы турда қатысушылар үй жұмысын, яғни, бір-біріне дайындап әкелген сөзжұмбақтарын шешті. Сондай-ақ әр топ өздеріне берілген бұрыштарды тақырыпқа сай қабырға газеттерімен және буклеттермен толтырды. Сайыс қорытындысында облыстық, қалалық прокуратура қызметкерлерінен құралған әділқазылар алқасы білімдерінің тереңдігімен ерекшеленген «Таразы» тобына бірінші орынды берді.

«Ата заңымыз - еліміздің, еркіндікті аңсаған халқымыздың маңдайын ашып, арманын ұзартқан шын мәніндегі Алтын заң!  Осындай үлкен мерекеге орай біз өз қызметкерлеріміздің арасында байқау өткізіп, кейінгі жастарды осы заңды бұлжытпай орындап, оның әрбір сөзінің астарын жете түсінуіне септік етуге тырыстық. Бүгінде басқармадағы қызметкерлердің дені - жастар. Соларға үлгі-өнеге көрсету - біздің міндетіміз», - дейді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сайдина Маматова.

Тақырыптық кеш соңында ұжым басшылығы жеке құрамды Конституция күнімен құттықтап, таңдаулы қызметкерлерге алғыс жарияланды.

Соңғы жаңалықтар